Астаналық кәсіпкерлер «Кедергісіз Қазақстан» акциясына қосылуда



Астанада мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметке бейімдеуге бағытталған және де халықтың әлеуметтік осал тобын қолдауға тағы бір ірі компания қосылды. Мемлекет пен бизнестің әріптестігі арқасында ерекше күтімді қажет ететін балалардың «Evrikum» ғажайып паркіне тегін баруға мүмкіндігі пайда болды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Өзара бірлесіп әріптестік жасау туралы меморандумға астана әкімдігі мен «Evrikum» паркінің басшылығы қол қойды. Құжатқа сәйкес ойын-сауық паркінің есігі мүмкіндігі шектеулі балалар мен жетім балалар үшін әр сәрсенбі күні сағат 12:00-ден 13:30 ашық тұрады. Бұдан басқа, паркке қаладағы психологиялық-педагогикалық кабинеттің және «Қасиетті Жол», «Солнечный Мир», «Дар», «Равные возможности» қоғамдық қайырымдылық қорынан да балалар келеді.

«Evrikum» ғажайыптар паркінің бас директоры Михаил Мармуздың айтуынша, қазір ДЦП диагнозы бар және аутизм спектрі ауытқыған балалар үшін де тұрақты түрде ойын-сауық танымдық экскурсия ұйымдастыру туралы мәселені қарастырып жатыр.

«Ерекше күтім қажет ететін балалар үшін тең жағдай жасау қажет. Осыған байланысты біз астана әкімді бастамашы болған «Кедергісіз Қазақстан» акциясын қолдауды шештік. Біздің паркте балалар түрлі ғылыми тәжірибелерге қатысып, ерекше фотолар жасап, шыны лабиринтпен жүріп, ұмытылмас естеліктерге кенеледі. Осылайша біз кішкене де болсын мүмкіндігі шектеулі балаларды қоғаммен байланыстыруға үлесімізді қосқымыз келеді. Меніңше біз айлық мерзіммен шектеліп қалмаймыз. Алдағы уақытта да тұрақты түрде осындай экскурсиялар өткізіп тұрамыз», — деді Михаил Мармуз.

Ата-аналар осындай іс-шаралар өткізу ерекше балалардың дамуы мен бейімделуі үшін өте маңызды екенін айтуда.

«Менің баламның диагнозы ДЦП. Оған топта ойнау өте қажет, ол балама көп жақсы әсерін тигізеді. Ойындар шағын моториканы жақсартуға, топта жұмыс істеуде ақпаратты қабылдауға, өз әсерін білдіруге көмектеседі. Бүгін балалар өздері үшін физика мен химия саласында көп жаңалықтар ашты. Осындай акция ұйымдастырылғанына өте қуаныштымыз», — деді «ерекше» баланың анасы Міржамал Сапаржанқызы.

Естеріңізге сала кетейік, Астана қоғамдық даму істері басқармасы «Кедергісіз Қазақстан» акциясын іске қосқан болатын.

Ол елдің әлеуметтік саясатын іске асыру мақсатында меценаттық жасаудың қағидаларын ілгерілету және халықтың азаматтық белсенділігін жоғарылату, «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының негізі бағыты.

Айта кетейік, қайырымдылық акциясын «Kinopark Theatres» және «QGroup» компания тобы қолдаған болатын. Мемлекет пен бизнестің бірігуі арқасында ерекше балалар еліміздегі ірі кинотеатрларда тегін фильмдер көруге мүмкіндік алды. Ерекше күтімді қажет ететін балалар үшін кинозалда техникалардың дыбысын бәсеңдетіп, ыңғайлы болу үшін кинозалдың есігін ашып қояды.

«Кедергісіз Қазақстан» акциясына кез келген меценат қатыса алады.
Әрі қарай